411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде ҰБТ-ны өткізуге дайындық қызу жүріп жатыр

  • 104
  • UPD: 08:07, 17.05.2020
Семейде ҰБТ-ны өткізуге дайындық қызу жүріп жатыр

Семейде Ұлттық бірыңғай тестілеу бұрынғыдай қалыпты жағдайда өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы қалалық білім бөлімі хабарлап отыр. Қазір оған дайындық қызу жүріп жатыр. Ұйымдастырушылар мектеп түлектерімен онлайн жүздесу ұйымдастырып, көптеген сұраққа жауап берді. 70-тен артық тест үлгісі де ғаламтор арқылы талапкерлер назарына ұсынылған. Мамандардың айтуынша, соңғы қоңырау мен мектеп бітіру кеші 3 және 4 маусым күні өткізіледі. Тек бұл жиынға сырттан ешқандай қонақ қатыспайды. Семейде биыл 1 мың 640 оқушы мектеп бітірсе, оның мың жарымы ҰБТ тапсыруды көздеп отыр. Маңызды науқан 20 маусымда басталып, шілденің 1-іне дейін созылады.  

Гүлнәр Оразбекова, қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары:

– Оларға қазір үлкен аудиториялар дайындалып жатыр. Әрбір кірген оқушы 2 метрден артық қашықтықта жанындағы көршісінен отыру керек. ҰБТ-ға дайындық мүмкіндігі өте көп болды деп ойлаймын, неге десеңіз олар қазір қашықтан оқыту жағдайында болды.

Хабар 24 телеарнасы