425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық 359 түлек «Алтын белгіге» үміткер

  • 424
  • UPD: 14:05, 19.05.2020
Елордалық 359 түлек «Алтын белгіге» үміткер bilimdinews.kz

Одан кейін түлектер мектеп жылдары туралы естелік ретінде ағаш отырғызады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

2019-2020 оқу жылының қорытындысы бойынша 6 515 елордалық оқушы аттестат алады. Салтанатты рәсім 3 маусымда қаланың барлық орта оқу орындарында өтеді, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының баспасөз хатшысы Алтынай Зарлыққызы.

«Елордада карантин режимінің сақталуына байланысты аталмыш іс-шаралар барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, мектеп аулаларында өтеді. Оқушылар рәсімге мектеп формасымен қатысады. Аттестат тапсырғаннан кейін «түлектер аллеясында» көшет отырғызу акциясы жоспарланған. Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы ескертеді: бітіру кештерін өткізуге қатаң тыйым салынады», – деді А.Зарлыққызы.

Биыл 6 199 елордалық оқушы немесе оқушылардың жалпы санының 95%-ы ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) тапсырады. Оның ішінде 3 665 қазақ, 2 495 орыс, 39 ағылшын тілінде.

Бұл ретте ҰБТ өткізу форматы өзгеріссіз қалады: ұзақтығы 3 сағат 50 минут тест екі блоктан – 3 негізгі пән (20 тапсырма) және 2 бейіндік пәннен (30 тапсырма) тұрады.

ҰБТ-ға 11-сыныптың төртінші тоқсанының тапсырмалары енгізілмейді.

Карантин режимін ескере отырып, тест басталар алдында емтихан тапсырушылардың температурасы өлшеніп, оқушылар арасында қауіпсіз қашықтық сақталады. Сондай-ақ қосымша санитарлық шаралар қабылданады.

Бұдан басқа, оқушыларды ҰБТ өтетін жерге тегін жеткізу қамтамасыз етіледі; ата-аналар өз балаларының уақытында келуін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.

ҰБТ басталғанға дейін үй-жайлардың өртке қарсы қауіпсіздігі тексеріледі, медициналық көмек және құқықтық тәртіпті қорғау ұйымдастырылады.

Биыл «Алтын белгіге» 359, үздік аттестатқа 379 түлек үміткер.

Хабар 24 телеарнасы