411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда 20 маусымнан бастап сегіз жерде ҰБТ өтеді

  • 176
  • UPD: 16:06, 19.05.2020
Алматыда 20 маусымнан бастап сегіз жерде ҰБТ өтеді

Алматыда маусым айында 190 мемлекеттік және 49 жекеменшік мектеп ҰБТ-ға қатысады.

Ұлттық бірыңғай тестілеуді қалада 9047 түлек тапсырады, деп хабарлады inAlmaty.kz.

Алматы әкімдігінің өкілдерімен және барлық қала мектептерінің директорларымен болған кездесуде Ұлттық бірыңғай тестілеуге қойылатын талаптар бекітілді. Қалада ҰБТ қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, 20 маусым мен 5 шілде аралығында сегіз пунктте болады. Тестілеу дәстүрлі форматта өтеді.

Сондай-ақ 1 маусымнан бастап Алматыда 1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттар тапсыру басталады. 15 мамырдан бастап дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиялар мен лицейлерге оқушылар қабылданады.

Хабар 24 телеарнасы