412,10 452,40 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қорытынды аттестаттау және дипломдық жұмыс онлайн өтеді

  • 111
  • UPD: 10:18, 20.05.2020
Қорытынды аттестаттау және дипломдық жұмыс онлайн өтеді citytraffic.ru

Қашықтан оқыту сапасын қамтамасыз ету үшін оқушылар мен педагогтарды компьютер және интернетпен қамту бойынша мониторинг жүргізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Биыл қорытынды аттестаттау және білім алушылардың дипломдық жұмысын (жобасын) қорғау Microsoft teems, АИС «Platonus» платформаларында, ZOOM, Google class room арқылы бейнебайланыспен онлайн өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ барлық емтихан бейнежазбаға жазылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының баспасөз хатшысы Алтынай Зарлыққызы мәлімдеді. Оның айтуынша, қашықтан оқудың нәтижелі болуы мақсатында оқушылар мен педагогтардың компьютер және интернет желісімен қамтылуына мониторинг жүргізілген.

«Мониторинг қорытындысы бойынша білім басқармасымен мектеп балансындағы 7118 компьютер көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан 6500 оқушыға және 618 педагогке уақытша пайдалануға берілді. Қосымша 2 613 ноутбук және интернетпен қамту үшін 5 200 флеш-карта сатып алынды», – Алтынай Зарлыққызы.

Осы оқу жылында колледждердегі түлектер саны – 6 605 студент, оның ішінде 3 787-сі мемлекеттік таспырыспен бітіреді.

Білім алушылар мен оқытушылар қажетті техникамен: компьютер, флеш-карта және wi-fi роутермен қамтамасыз етілген.

Айта кету керек, студенттерге 1 280 910 теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді. 1000-нан астам ақылы топта оқитын студенттерге оқу ақысы төлей алмауына байланысты биылғы тамыз айына дейін шегерілді.

Хабар 24 телеарнасы