411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Педагогтардың балалары балабақшаға кезексіз қабылданады – ҚР заңы

  • 127
  • UPD: 17:12, 20.05.2020
Педагогтардың балалары балабақшаға кезексіз қабылданады – ҚР заңы

Солтүстік Қазақстан облысының орталығы – Петропавл қаласында педагогтар қауымының балалары мектепке дейінгі мекемеге кезексіз қабылданатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жеңілдік білім беру саласының қызметкерлеріне «Педагогтар мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес жасалып отыр. Қазір тек Петропавл балабақшаларында ғана 1 мың 198 тәрбиеші, мектептерде 2 мыңнан астам мұғалім еңбек етеді. Олар балаларын мектепке дейінгі білім беру мекемесіне кезексіз орналастыру үшін indigo сайтына кіріп, өзі жайында мәлімет қалдыруы тиіс.

«Сайтқа кіріп, өзінің жеке кабинетінде мәртебесін растап, ЖСН көрсетуі керек. Жалпы балабақшаға орналастыруда жеңілдік бұған дейін әскери қызметшілерге жасалып келді. Бұдан басқа, көпбалалы отбасыдан шыққан, мүмкіндігі шектеулі және жетім балалар да кезекті көп күтпейтін», - дейді Петропавл қалалық мектепке дейінгі тәрбие және оқыту секторының меңгерушісі Сайран Испандьярова.

Бүгінде Петропавлда 6,5 мыңнан астам бүлдіршін балабақшаға кезекте тұр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,5 мыңға аз.

«Ата-аналарға балаларын кезекке қою үшін әкімдікке барудың қажеті жоқ. 2018 жылдан бастап бұл қызмет автоматтандырылды. Былтыр indigo сайтында «ерте брондау» бөлімі енгізілді. Жалпы бұл сайттан балабақшаға қажетті бар ақпаратты алуға болады», - дейді Сайран Испандьярова.

Хабар 24 телеарнасы