405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада балабақшалар қызметіне тыйым салынды

  • 180
  • UPD: 15:12, 24.05.2020
Елордада балабақшалар қызметіне тыйым салынды

Елордада коронавирус індеті сейілмейінше барлық мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметіне тыйым салынады.

Бұл туралы қаланың Бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиеваның қаулысында айтылды. Бұған дейін Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова 1 маусымнан бастап балабақшалардың штаттық режимде жұмыс істейтінін, 10 маусымнан бастап бос орындарға бала қабылдана бастайтынын айтқан болатын. Жаңа қаулыға сәйкес тек кезекші топтар жұмысын жалғастырады.

Сондай-ақ биылғы мектеп түлектеріне соңғы қоңырау мен бітіру кештерін өткізуге тыйым салынады.

Хабар 24 телеарнасы