425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қ.Тоқаев: Білім, ғылымды дамытуға бөлінетін қаражат еселенеді

  • 508
  • UPD: 15:56, 27.05.2020

«Әскердегі қызмет кәсіби біліктілікті арттыруы керек.

Қашықтан оқыту жүйесінің әдістемелерін заң шеңберінде бекіту қажет. Кітаптардың сапасына жауапты мамандардың жауапкершілігі де заңда көрсетілуі тиіс. Сонда ғана оқулықтардағы олқылықтарды жоя аламыз».

Президент кеңес отырысында осылай деді. Жалпы білім беруге бөлінетін қаржы 2025 жылға дейін 6 есе, ал, ғылым бағытталатын қаражат 7 есеге өседі. Мұғалім мамандығына келетін жастарды ынталандыру үшін педагогқа оқып жүргендердің стипендиясы 26 мыңнан 42 мың теңгеге дейін ұлғаяды. Әйтпесе, ауылда ұстаз тапшы. Салдарынан елді мекен мен қала арасындағы білім сапасының айырмашылығы сезіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы