428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Педагогтарды арнайы жоғары оқу орындары дайындау керек – Президент

  • 430
  • UPD: 08:13, 28.05.2020
Педагогтарды арнайы жоғары оқу орындары дайындау керек – Президент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында педагогикалық мамандықтарға оқуға түсу үшін біртіндеп талапты күшейту керектігін айтты.

Сондай-ақ жастар арасында мұғалімдердің мәртебесін көтеру мақсатында болашақ ұстаздардың шәкіртақысын 26 мың теңгеден 42 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынды. Педагогтарды арнайы жоғары оқу орындары дайындау керектігі айтылды.

Айдос Сарым, ҚР Президенті жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:

– Болашақта осылай төтесінен, көлденеңінен келген азаматтардан ақырындап арылып, шын мәніндегі кәсіби мұғалімдердің келгені керек бізге. Қазақстанның патриоты болу, елді құрметтеу, мемлекетті құрметтеу, адаммен, үлкенмен сөйлесе білу сияқты қасиеттерді көбірек айтып, білім беру жүйесіне енгізетін мәселенің бірі деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы