405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысы бойынша жергілікті бюджеттен 200 білім гранты бөлінеді

  • 138
  • UPD: 13:22, 28.05.2020
Алматы облысы бойынша жергілікті бюджеттен 200 білім гранты бөлінеді

Соның тең жартысы көпбалалы және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға арналған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал қалған 100 грант Жетісу өңіріне қажетті мамандықтар бойынша сараланады. Құжаттар тамыз айында қабылдана бастайды. Ол үшін талапкердің қолында ҰБТ тапсырғаны туралы сертификаты болуы тиіс және бұл конкурсқа шекті межеден жоғары балл алған түлектер ғана қатыса алады. Алматы облысында соңғы үш жылдың ішінде осындай 456 грант бөлінсе, соның 79-ы көпбалалы және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардың балаларына берілген. Бұл республикалық грантқа ие бола алмаған талапкерлердің өз бағын тағы бір сынап көруі үшін жасалған тамаша мүмкіндік іспетті.

Айжан Адамбекова, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

– Бұл гранттар біздің облыстың мамандықтарға қажеттілігіне байланысты тағайындалады. Облысқа қандай мамандықтар қажет, сол бойынша саралау жүргізілуде қазір. Одан кейін тізім қалыптастырады. Көбінесе педагогикалық мамандықтар, ауыл шаруашылығы мамандықтары, ветеринария және медициналық мамандықтарға беріледі.

Хабар 24 телеарнасы