426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Педогог мамандығына үміткерлер үшін шекті балл көтерілді

  • 346
  • UPD: 14:39, 02.06.2020
Педогог мамандығына үміткерлер үшін шекті балл көтерілді

Былтыр төменгі көрсеткіш 60 болса, биыл 70 балл жинау міндетті.

Бұл туралы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. Ұлттық бірыңғай тестілеу белгіленген мерзімде өтеді. Түлектер 25 маусымнан бастап шілденің бесіне дейін 161 пунктте сынақ тапсырады. Аудиторияға кірер кезде бет-әлпеті арқылы тұлғаны сәйкестендіру құрылғысы қолданылады. Бұл жаңашылдық биыл енгізіліп отыр. Одан бөлек, әр пункттің алдында стационарлық тепловизор орнатылады. Санитарлық талап күшейтіліп, түлектерге тегін маска таратылады. Сынақ өтетін пункттерге ата-аналар кіргізілмейді. Сыртта да жиналып отыруға болмайды. Олар сынақ барысын онлайн бақылай алады. Қазір барлық пункт дайын тұр. Биыл 132 мың адам Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыруға өтініш берген.

 

Хабар 24 телеарнасы