418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да 3000-нан астам түлек мектеппен қоштасты

  • 195
  • UPD: 18:46, 03.06.2020
СҚО-да 3000-нан астам түлек мектеппен қоштасты

Солтүстік Қазақстан облысында 3 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқу ордаларындағы соңғы қоңырау далада өтті. Іс-шараға ата-аналардың да қатысуына рұқсат берілген. Бірақ олар санитарлық талаптарды қатаң сақтап, бір-бірінен алыс тұруы тиіс. Әр мектептің алдында мейірбикелер кезекшілік етіп, келгендердің дене қызуын тексерді. Ал түлектер дәстүрлі вальс билеп, көптен күткен аттестаттарын қолына алды. Биыл облыста 150 оқушы «Алтын белгіге» ие болды. Енді оларды Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы күтіп тұр. Айта кетейік, мектеп бітірушілерге қыдырып, той тойлауға тыйым салынған.

Ұлбике Ыңғарова, мектеп түлегі:

Қолымызға аттестатымызды алып, осы алтын ұямызбен қоштасқалы тұрмыз. Ол бір жағынан қуанышты болса да, бір жағынан өкініштісі бар. Себебі біз 11 жыл бойы оқыған мектебімізді қимаймыз. Бірақ алда бізді үлкен жаңа өмір күтіп тұр.

Данияр Шәкенов, Жұмабек Тәшенов атындағы №20 орта мектебінің директоры:

- Түлектердің өмірінде бір-ақ рет болатын салтанат болғаннан кейін әкімшілік болып, ата-аналар комитетімен бірге болып, даярлық өткіздік. Енді өзіміз жағымыздан барлық қауіпсіздікті сақтадық. Санитарлық пост бар. Арақашықтық сақталған.

 

 

Хабар 24 телеарнасы