411,61 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Басқа да форматқа дайын болуымыз керек – ҚР БҒМ жаңа оқу жылы туралы

  • 444
  • UPD: 20:36, 04.06.2020

Жаңа оқу жылы мектепте басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ қалыптасқан жағдайға байланысты басқа да форматқа дайын болуымыз керек. Бұл жөнінде білім және ғылым министрі халыққа есеп беру барысында айтты. Асхат Аймағамбетов бейнебайланыс арқылы өткен жиында педагогтардың жүктемесі, жалақы көлемі және онлайн оқытудағы мәселелерге тоқталды.

Педагог өзіне тікелей қатысты жұмыстармен ғана айналысуы керек. Яғни оның қызметі оқушылардың білім алу сапасына байланысты. Сондықтан ұстаз өзіне қатысы жоқ функцияларға алаңдамай, балалардың білім алу мен тәрбиесі жолында еңбек ететінін түсінуі тиіс деді министр.

Асхат Аймағамбетов, ҚР білім және ғылым министрі:

– Ұстазға түсер ауыртпалықты азайту мақсатында құжаттар саны қысқартылды. Мұғалім жыл сайын тек екі құжатты толтыруы керек. Жалпы осы бағыттағы жұмыстарды түбегейлі қарастырып жатырмыз. Бұл мәселелер тек мектеп мұғалімдеріне ғана емес, мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне, колледж және жоғары оқу орындары ұстаздарына да қатысты.

Ведмоство басшысы онлайн оқыту тәжірибесіне де тоқталып, оған атсалысқан мамандарға алғысын білдірді. Педагогикалық және техникалық сипаттағы мәселелер аз емес. Сондықтан жазғы мезгілде біз оларды шешіп алуымыз керек деді.

Асхат Аймағамбетов, ҚР білім және ғылым министрі:

– Әрине, коронавирусқа байланысты жағдай жақсарады деп үміттенеміз және келесі оқу жылын мектеп қабырғасында бастаймыз деп сенеміз. Дегенмен қосымша сценарийге де дайындалуымыз керек. Осыған байланысты жазғы кезеңде педагогтар да, Білім министрлігі де, басқармалар да қажетті шаралар қабылдауы тиіс.

Бұған қоса, қазір мұғалімдер жалақысын арттырып, қосымша ынталандыру тетіктерін енгізуіге басымдық беріліп жатыр. Мәселен, арнайы аттестация барысында 150 мыңға жуық маман өз біліктілігін дәлелдеген. Соның арқасында олар жалақының 30-50 процентін құрайтын қосымша ақы алады.

Авторы: Аслан Қаженов

Хабар 24 телеарнасы