412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауа қабатындағы күкіртсутек: өскемендік экологтар грант жеңіп алды

  • 134
  • UPD: 18:09, 05.06.2020

Өскемен ғалымдары қала атмосферасында күкіртсутектің қалай пайда болатынын біле алады. Жас экологтар Білім және ғылым министрлігінің грантын жеңіп алды. Енді олар зерттеу жұмыстарын бастайды. Облыс орталығы үшін ауа сапасының мәселелері маңызды болып табылады. Қауіпті газ кейде қоршаған ортадағы рұқсат етілген концентрациядан ондаған есе асып түседі екен.

Дәулет Асанов техникалық университеттегі іргелі ғылымдар орталығының  аға ғылыми қызметкері. Жас ғалым ауа құрамын зерттейді. Талай жылдан бері экология мәселесімен шұғылданып келеді.  Енді ол осы саланы мықтап қолға алды. Қаланың ауасында күкірт қышқылы неліктен көбейіп кеткенін анықтап көрмек. 

Дәулет Асанов,техникалық университеттің аға ғылыми қызметкері:

- Біз ауаның қандай жағдайда өте көп немесе аз ластанатынын және оны тоқтату үшін не істеу керек екенін  білеміз. Ал күкірт қышқылы туралы мүлде білмейміз. Өйткені табиғат үшін ең зиянды мұнай-химия саласындағы кәсіпорындар. Бірақ біздің қалада ондай зауыттар жоқ болса да мониторингке сәйкес осы саланың атмосфераға тигізетін зияны өте көп. 

Өте көп екеніне көрсеткіштер де дәлел. Ауа құрамындағы кейбір улы заттардың мөлшері 30-40 есеге дейін көбейіп кеткен. Ластану деңгейі 2017 жылдан бері қалыпты деңгейден 130  есеге дейін асқаны анықталған. Қазір де сол мөлшерден азаймай отыр. Сондықтан университет ғалымдары осы саланы зерттеуде жоба жасауда көп қиналған жоқ. Биыл сәуір айында білім және ғылым минитрлігіне ұсынған ғылыми жобалары бойынша жеңіпаз атанды. Енді алдағы үш жыл бойы 25 миллионнан теңге алып тұрмақ. 

Гүлмира Маратова, техникалық университеттің 3-курс докторанты:

- Мен Өскеменде тұрып жатқаныма 5 жылдан асты. Сондықтан мен  бұл қаланың ауасына ерекше алаңдаймын. Осы ғылыми жоба басталғанда қуана қатыстым. Ал беріліп отырған  грант біз үшін үлкен мүмкіндік. 

Мүмкіндікті пайдалану үшін ғалымдар барын салып жатыр.  Ал  бұл саланы зерттеу ерекше маңызға ие. Сондай-ақ ғалымдар қатты қалдықтарды өңдеу кешені бойынша да бірқатар жобаларды қолға алды. 

Наталья Куленова, техникалық университеттің  ғылыми орталық жетекшісі:

- Біз жапон ғалымдарымен бірілесіп көліктің кейбір бөлшектерін жасау бойынша ғылми жобаны қолға алдық. Сондай-ақ  докторанттарымыз суды тазарту саласында да ізденіп жатыр. 

Ізденістің арқасында шығыстағы ғалымдар тек бір өңірдің өркендуі емес бүкіл елдің дамуына үлестерін қосып, кейбір ғаламдық проблемалардың шешілуіне де атсалысып жатыр.

Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы