417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл бакалавриатқа түсу үшін 54 мың грант бөлінді

  • 430
  • UPD: 17:38, 11.06.2020
Биыл бакалавриатқа түсу үшін 54 мың грант бөлінді

Биыл мектеп түлектеріне бакалавриатқа түсу үшін мемлекет тарапынан 54 мың грант бөлінді. Магистратурға 13 мың, ал докторантураға 2 мың грант берілмек.

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің департамент директоры Әділет Тойбаев онлайн брифингте мәлімдеді.

Айтуынша, ауыл жастары үшін арнайы квоталар қарастырылған. Мектеп түлектері ҰБТ-дан кейін жоғарғы оқу орынына құжат тапсырғанда тек бір ғана мамандықты емес, өз қалауы бойынша 4  түрлі оқу бағдарламалар тобын таңдай алады. Ол таңдау тестілеуде тапсырылған 2 бейінді пәнге тәуелді болмайды.

Естеріңізге салайық, биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу маусымның 20-сы мен шілденің 5-і аралығында өтеді. Оны тапсыруға 130 мыңнан астам өтініш түскен. Олардың басым бөлігі онлайн форматта берілді. Биыл карантин режиміне байланысты емтихан барысындағы санитарлық талаптар күшейтілген. Ата-аналардың тест тапсыру орындарына келуіне тыйым салынды. Ал ҰБТ нәтижелері тапсырушылардың телефондарындағы мессенджерге жіберіледі.

Хабар 24 телеарнасы