420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҰБТ-ның алғашқы күні: Түркістан облысында 1306 оқушы тестілеуге қатысты

  • 352
ҰБТ-ның алғашқы күні: Түркістан облысында 1306 оқушы тестілеуге қатысты

Биыл Түркістан облысында 24 658 оқушы мектеп бітірді.

Олардың 18 мың 500-ге жуығы Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш білдірген. Бүгін облыстағы 9 тестілеу өткізу пунктінде 1306 түлек сынақ тапсырды. Ордабасы ауданындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияда ұйымдастырылған тестілеу барлық санитария талаптарын сақтай отырып өткізілді. Таңғы 8-ден бастап арақашықтықты сақтап, ішке кірген түлектер алдымен дезинфекциялық дәлізден өтті. Сосын арнайы ерітіндімен қолдарын залалсыздандырып, дене қызуы тексерілді. Барлығына жаңа маска үлестірілді. Тест тапсыруға бөлінген әр аудаторияға 12 баладан кірді. Барлық кабинет бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Жалпы облыс бойынша 15 Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пункттері жұмыс істейді.

Айжан Мұхиддин, мектеп түлегі:

– Апай тапсырған тапсырмалардың бәрін дұрыс атқардым деп ойлаймын. Осы ҰБТ-дан өтіп, ата-анамның үмітін ақтаймын деп ойлаймын. Сұрақтар оңай болды. Сол өзім жаттаған сұрақтар келді.

Әйгерім Сырлыбай, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы:

– Бүгін кіретін оқушы саны 112 болатын. Үш оқушы белгілі себептермен келмеуіне байланысты қазір тестілеуге 109 оқушы кіргізілді. Облыстағы шалғай ауылдарда орналасқан оқушыларды тасымалдау ұйымдастырылған. Тасымаладу кезінде де оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында көлік жүргізушілері де COVID-ке тест тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы