423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҰБТ тапсыру ережелерін бұзудан Түркістан облысы мен Шымкент түлектері көзге түсті

  • 479
  • UPD: 10:45, 22.06.2020

Кеше Қазақстан бойынша 6 мың 206  оқушы ҰБТ нәтижелерін білді. Қатысушыларға электронды сертификат беріледі.

Негізі 6 512 адам тестілеуден өтуді жоспарлаған. Алайда 144 талапкер ҰБТ өткізу пунктеріне келмеді деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі.

Тестілеуге кіргізу барысында 2 талапкерде дене қызуы жоғары болған, олар сынақты басқа күні, яғни сауыққан соң тапсыра алады. ҰБТ-ға қатысушыларды тәуелсіз сарапшылар қадағалады. Олардың құрамына Арнайы мониторингтік топтардың мүшелері, қоғам қайраткерлері, Үкіметтік емес ұйым, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және «Адалдык алаңы» жобалық кеңсе өкілдері кірді. Биыл ҰБТ-дағы бақылау күшейтілді. Әр аудитория бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Қатысушылар металл іздегіштен өтпес бұрын ережелерді ұстану туралы міндеттемелермен танысып, тыйым салынған заттардың жоқтығы туралы құжатқа қол қояды. Алғашқы күннің қорытындысы бойынша тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін 73 және тест тапсыру барысында ҰБТ ережелерін бұзғаны үшін 87 талапкер, яғни 160 адам тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Олардың басым көпшілігі Түркістан облысы мен Шымкент қаласында тіркелген.

25 тамызға дейін әр аудиториядан алынған бейнежазбаны мамандар зерделейді. Егер бейнематериалдарды талдау кезінде ережелерді бұзу анықталса, талапкердің тест нәтижелері есепке алынбауы мүмкін. Тіпті қатысушыға грант тағайындалған болса, онда ол гранттан айрылады дейді өкілетті мамандар.

Хабар 24 телеарнасы