431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде ҰБТ өтетін орындарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді

  • 298
  • UPD: 15:27, 23.06.2020
Ақтөбеде ҰБТ өтетін орындарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Ақтөбеде бір мектеп түлегі өзін жайсыз сезінгендіктен Ұлттық бірыңғай тестілеуді  кейін тапсырады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Сондай-ақ, ұялы телефон және өзге де тыйым салынған құралдарды алып кірмек болған  20-дан астам талапкер сынақтан шеттетілді. Енді олар тек келер жылы ғана қайта тапсыра алады. Биыл облыс бойынша 6 мыңға жуық талапкер бақ сынамақ.

Бауыржан Ердембеков, Қ.Жұбанов атындағы АМӨУ ректоры:

- Кешегі күні 266 бала тапсырды. Соның ішінде, 17 баланы сондай тыйым салынған заттармен ұстап, сыртқа шығардық. Бұл жерде айтатыным, жалпы бала телефонмен кіру деген мәселе емес, бұл жерде тәрбие мәселесі бар, тәртіп мәселесі бар. Ата-аналарға да құлаққағыс ғып айтамыз. Балаларын таңертең шығарып, еитиханға дайындалуға шығарып жіберген кезде, қалталарын тексеруі керек. 

Гүлназ Сүлейменова, облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

- 3-ші шілдеге дейін барлығы тапсырып болғаннан кейін, 13-20 шілде аралығында бала қай мамандықты, қай ЖОО таңдайды, соған өтініш беріледі. Содан кейін гранттың нәтижесі белгілі болады.

 

 

Хабар 24 телеарнасы