426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында 87 оқушы ұлттық тестілеуден шеттетілді

  • 431
Түркістан облысында 87 оқушы ұлттық тестілеуден шеттетілді

Түркістан облысында Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы үш күнінде 87 түлек шеттетілді.

Сынақ тапсырушылар емтиханға тыйым салынған заттарды алып кірмек болған. Заң бұзушылықтың 32-сі аудиторияға кірмей тұрып анықталса, қалған 45 жағдай іштегі камераларға түсіп қалған. Өз білімін басқаша жолмен дәлелдегісі келгендердің барлығы енді бір жыл бойы Ұлттық бірыңғай тестілеуге кіргізілмейді. Одан бөлек өңірде 43 мектеп бітіруші түлек денсаулығына байланысты тестілеуге кіре алмаса, 100-ден астамы түрлі себептермен келмеген. Айта кетейік, биыл облыс бойынша сынақ өткізу үшін 15 орталықта 189 аудитория әзірленген. Барлық аудитория бейнекамералармен қамтылған. Сол арқылы ата-аналар мен комиссия мүшелері кез келген аудиторияны онлайн бақылау мүмкіндігіне ие болды. Әрбір бейнежазба тамыздың 25-не дейін сақталады. Демек емтихан аяқталған соң олардың барлығына тағы бір талдау жасалады. Егер сол кезде қайсы бір оқушының теріс әрекеті әшкере болса, оның да қорытындысы жоққа шығарылады. Жалпы биыл облыс бойынша 18389 оқушы тест тапсыруға өтініш берген.

Ардақ Садықова, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары:

- Осы жағдайды ерекше ата-аналарға айтқым келіп отыр. Жалпы заң барлығымызға бірдей. Қойылған талаптар ол да заңда белгіленген талаптар. Әрине жарқын болашақтың кепілі ретінде ұрпақтың санасын таза етіп тәрбиелеу - басты міндетіміз. Сондықтан ата-аналарға сіздер арқылы тағы да ескерткім келеді.

Хабар 24 телеарнасы