417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда он төрт талапкер ҰБТ сынағына кіргізілген жоқ

  • 227
  • UPD: 20:59, 26.06.2020
Оралда он төрт талапкер ҰБТ сынағына кіргізілген жоқ

Батыс Қазақстан облысында ереже бұзғаны үшін 14 түлек ҰБТ сынағына жіберілмеген.

Тағы 10 талапкердің тестілеу қорытындысы нәтижелерінің күші жойылды. Жалпы биыл аймақта 5 мыңнан аса талапкер тестілеуден өтуге өтініш берген. Бастапқы кезең аудандарда өткізілді. Қауіпсіздікті сақтау үшін емтихан өткізу уақыты ұзартылды. Талапкерлер 5 кезеңнен тұратын залалсыздандыру шараларынан өтеді. Емтиханға кірер алдында міндетті түрде дене қызуы тексеріліп, егер көтерілген жағдайда басқа күні тапсыруға мүмкіндік беріледі. Тест өтетін орынға талапкерлерді жеткізу мәселесі де шешілген. Сонымен бірге сынақ өткізуге тәртіп пен талап та күшейе түсті.

Зәуре Ғұмарова, облыстық білім басқармасы басшысының м.а.:

- ҰБТ-ға қатысушыларды тәуелсіз сарапшылар қадағалайды. Олардың құрамына арнайы мониторингтік топтардың мүшелері, қоғам қайраткерлері, ҮЕҰ өкідері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және адалдық алаңы жобалық кеңсе қызметкерлері кірді. Әр аудитория бейне камералармен жабдықталған. Қатысушылар металіздегіштен өтпес бұрын ережелерді ұстану туралы мінтемелеремен танысып, тыйым салынған заттардың жоқтығы туралы құжатқа қол қояды.

Хабар 24 телеарнасы