417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда ҰБТ талапқа сәйкес өтіп жатыр

  • 228
  • UPD: 11:44, 28.06.2020

Қостанай облысында 3195 түлек  ұлттық біріңғай тест тапсыруға өтініш берген. Алғашқы екі күнде солардың жартысына жуығы тестілеуден өтті.

Қостанайда ҰБТ барлық шарт-талаптарға сай өтіп жатыр  ма?

Мағауия Қалиев , тілші:

- Қостанай облысында ұлттық біріңғай тест өткізетін 9 орын анықталған. Соның бірі менің ту сыртымдағы Ахмет Байтұрсынов атындағы университет ғимаратында орналасқан.Жалпы облыс боынша 3 195 түлек өтініш білдірсе, соның жартысы осында тест тапсырады. Алғашқы екі күнде бұл пункте 500-ден аса  адам тестілеуден өтті. Бүгін үшінші күн  белгіленген кесте бойынша 287 түлек сынақ тапсыруға кірді.

Мұнда тест тапсырушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтауға аса маңыз берілген. Түлектер дезинфекциялаудың 5 кезеңінен өтті. Дезинфекциялық өткел, аяқ киімдерді зарарсыздандыратын кілемше, дене қызуын өлшеу, қолды зарарсыздандыру, медициналық маскалар тарату сияқты сақтық шаралары жалғасып кете береді. Өткен екі күнде телефон, гаджет басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеттері болмай қалған жоқ. Сол себепті  түлек  ҰБТ-дан шеттетілді.

Бүгін сағат 9:00-да басталған тест сынағы сағат 13:00 аяқталады. Ата-аналар тест барысын онлайн жүйе арқылы бақылай алады.

Хабар 24 телеарнасы