417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында ҰБТ 30 маусымда аяқталады

  • 202
  • UPD: 17:39, 28.06.2020

Қостанай облысында 3195 түлек ұлттық бірыңғай тест тапсыруға өтініш берген.

Алғашқы үш күнде солардың жартысынан астамы тестілеуден өтті. Сынаққа келмей қалғандары, тыйым салынған заттарды алып өтпек болғаны үшін шеттелігендері де бар.

Ұлттық бірыңғай тест тапсыру орындарында түлектердің денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аса маңыз берілген. Олар ара қашықтықты сақтай отырып, дезинфекциялаудың 5 сатысынан өтеді.

Наталья Осипчук, медициналық орталық басшысы:

- Ғимаратқа кірер алдында дезинфекциялық өткелден өтіп, арнайы кілемшеде аяқ киімдерін зарарсыздандырады. Одан кейін дене қызуын өлшеу, қолды зарарсыздандыру, медициналық маскалар тарату сияқты сақтық шаралары жалғасып кете береді. Әзірге ешқайсысынан дене қызуы, ауруы белгілері анықталған жоқ.

Облыс бойынша тест тапсыратын 9 пункт  бар. Олардың барлығы алдын ала тексеріліп, санитарлық талапқа сай келетіндігін дәлелдейтін мамандардың қорытындысына ие.

Айжан Баймақанова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Тестілеу орындарында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге облыстық қазынадан 3 миллион тенге бөлінді. Оның сыртында қосымша санитайзер, бетперделер, қол жуатын сұйықтық алуға аудандық, қалалық бюджеттерден 30 миллион 500 мың тенге жұмсалды.

Алғашқы үш күннің қорытындысына қарасақ, белгісіз себептермен тест тапсыруға келмей қалғандары, ережені бұзғаны үшін шеттетілгендері де жоқ емес.  

Абылайхан Кәкімов, ҚМУ баспасөз қызметінің басшысы:

- Тестілеуге барлығы 917 адам тіркеліп, олардың 777-сі ғана пунктіге тест тапсыру үшін келді. Қалған 131-і тапсыруға келген жоқ мүлдем. Өкінішке орай 9 адам регламентті бұзғаны үшін, яғни телефондарды немесе гаджеттерді пайдаланған үшін тестілеуден шегерілген болатын.

Бастапқыда ҰБТ 4 шілдеге дейін өткізу жоспарланған еді. Карантиндік шектеулердің күшейтілуіне байланысты ол 30 маусым аралығына дейін қысқартылды. Бүгіннен бастап күніне түлектердің екі легі тест тапсыратын болады.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг

Хабар 24 телеарнасы