429,75 508,70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҰБТ-2020: Ақтөбе облысында 4 түлек жоғары көрсеткішке қол жеткізді

  • 434
  • UPD: 17:45, 01.07.2020
ҰБТ-2020: Ақтөбе облысында 4 түлек жоғары көрсеткішке қол жеткізді

Ақтөбе облысында 4 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуден 130 балдан жоғары жинаған.

Олардың үшеуі Ырғыз ауданынан болса, біреуі облыс орталығындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат түлегі. «Алтын белгі» иегері Назерке Қыдырбаева 132 сұраққа дұрыс жауап берген. Оқу озаты болашақта дәрігер болуды армандайды.

Назерке Қыдырбаева, «Алтын белгі» иегері:

– Мен қосымша пән ретінде биология және химия пәндерін таңдадым. Осы пәндерді таңдау себебім өзімнің әкеме ұқсап дәрігер мамандығын алғым келді. Яғни осындай қиын-қыстау кезеңде әкемнің адамдарға көмектесіп, олардың оң ықыласын алып жүргенін көріп, өзім де осындай дәрігер болуды армандадым.

Биыл пандемияға байланысты Ұлттық бірыңғай тестілеу тәртібіне бірқатар өзгеріс енген болатын. Әрбір түлектің дене қызуы тексеріліп, кіре берісте бетперде таратылды. Емтиханның жүргізілу барысын мемлекеттік комиссиядан бөлек арнайы мониторингтік топ өкілдері де бақылады. Айта кетейін, Ақтөбе облысы бойынша биыл 5739 түлек қатысқан болатын. Олардың 136-ы тестілеу кезінде ұялы телефон сияқты рұқсат етілмеген бұйымдарды қолданғаны үшін аудиториялардан шығарылған. 

Жанболат Тұртаев, «Ақтөбе - адалдық алаңы» сарапшылар кеңесінің жетекшісі:

– Оның 71-і шпаргалкалармен, қалған 65-і ұялы байланыс телефонымен ұсталды. Аудандарда да көптеген заңбұзушылық болды. Мысалы, ұялы байланысты сөндіретін құралдарды өшіріп тастаған комиссия мүшесінің видеосы да дейін бар.

Хабар 24 телеарнасы