418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде ҰБТ аяқталды

  • 314
  • UPD: 15:27, 03.07.2020
Елімізде ҰБТ аяқталды

Сындарлы сынақ 21 маусым мен 1 шілде аралығында өткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған қатысуға 132 мың өтініш қабылданды. 111 мыңы – мектеп түлектері. Былтырғы көрсеткіш бұдан 12 процентке төмен болған еді. 82 мың 154 түлек шекті балл жинады. Биыл алғаш рет электрондық үкімет базасы арқылы адамның бет-әлпетін анықтау құрылғысы қолданылды. Нәтижесінде 7 түлектің орнына басқа адамның кірмек болғаны анықталды. Сонымен қатар осы жылы талапкерлер үшін калькулятор пайдалануға рұқсат етілді. Тестілеу уақыты ұзартылып, түлектер қорытынды мектеп емтиханынан босатылды.

Айта кетейік, тамыз айында талапкерлерге тағы бір мүмкіндік бар. Оған наурыз айында ақылы тестілеуге тіркелгендер мен маусымда сынақтан сүрінгендер қатыса алады. Құжат қабылдау 25 шілде мен 1 тамыз аралығында жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы