418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бастауыш сынып оқушылары мектепте білім алуы керек – Сенат депутаты

  • 569
  • UPD: 19:31, 10.07.2020

 

Себебі оларды қашықтан оқыту өте қиын. Оның үстіне ауылдық жердегі мектептерде ондай мүмкіндік жоқ.

Сондықтан Білім министрлігі елдегі жағдайды саралай отырып, жаңа оқуы жылына дайындықты бірнеше бағыт бойынша ұйымдастыру керек. Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы осында пікірде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұрат Бақтиярұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Бастауышта фундаментін қаламаса, уақыттарын жоғалтып алады. Бұл уақытта берілген сабақ мектептегідей болмайды. Сондықтан бұл бағытта министрлік екі-үш нұсқаны алдын ала дайындау керек. Індет басылған жағдайда қандай нұсқа, інедет басылмаған жағдайда қандай нұсқа, індет бір қалыпты тұрған жағдайда қандай нұсқа. Өкінішке қарай, көптеген өңірде, оның ішінде өзім депутат болып сайланған Қызылорда өңірлеріндегі көптеген ауылдық жерде интернет желісінің мүмкіндіктері келмейді. Өйткені ол желілер 2000 жылдары, 90 жылдары салынған ескі желілер. Мектептегі компьютерлер ескі. Көптеген ата-ананың компьютермен оқытуға мүмкіндігі жоқ. Алғашқы шыққан компьютерлер тұрған мектептер бар. Сондықтан интернетпен жан-жақты оқытамыз деген меніңше өз дәрежесінде болмайды. Біз адами капиталды қалыптастыруда бұл жағдайда ұтылып қаламыз.

Хабар 24 телеарнасы