429,75 508,70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Министр: Алдағы оқу жылында оқушылар мектеп формасын киюге міндеттелмейді

  • 761
  • UPD: 15:11, 11.07.2020
Министр: Алдағы оқу жылында оқушылар мектеп формасын киюге міндеттелмейді

Жаңа оқу жылында мектеп оқушылары арнайы форма киюге міндеттелмейтін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бүгін журналистермен өткізген онлайн-конференция кезінде осылай деп мәлімдеді. Министрліктің мектеп формасын кию туралы арнайы бұйрығы бар. Қазіргі ахуалды ескере отырып, сол бұйрыққа арнайы тармақ енгізіледі. Төтенше жағдай уақытында, карантин, шектеу шаралары кезінде оқушылар мектепке арнайы формада емес, классикалық үлгіде киініп келуіне болады. Ата-аналардың мектеп формасын сатып алуға мүмкіндігі болмаса, оларды ешкім мәжбүрлемейді. Бірақ, министр бұл шешімді формадан түбегейлі бас тарту деп түсінбеу керек дейді. Ереже тек алдағы оқу жылында ғана жарамды. Ал жаңа оқу жылында сабақ қандай тәртіппен өтетінін министр нақты айтпады. Әзірге белгілісі, үш нұсқа қарастырылып отыр. Бірінші нұсқа көктемдегідей қашықтан оқыту, екіншісі аралас режимде оқыту, үшінші нұсқа санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, штаттық режимде жалғастыру. Министр елдегі ахуалды сараптап, таяу арада нақты шешімді айтамыз деп уәде берді.

 

 

Хабар 24 телеарнасы