429,75 508,70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда оқушылар бірінші тоқсанды қашықтан оқитын болды

  • 835
  • UPD: 14:25, 14.07.2020

Қазақстандық оқушылар жаңа оқу жылының алғашқы тоқсанында сабақты қашықтан оқиды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осылай деді. Оның айтуынша, шалғайдағы шағын жинақтағы мектептер бұрынғы тәртіп бойынша жұмыс істей береді. Бұдан бөлек, қажет болған жағдайда ата-аналардың өтініші бойынша бастауыш сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар ашылады. Сәлден кейін біз тікелей қосылатын брифингте осы мәселе егжей-тегжей пысықталады. Ал Үкімет отырысына келсек, жалпы бүлдіршіндердің денсаулығына қатысты Денсаулық сақтау министрі де алаңдаушылық білдірді. Алексей Цойдың айтуынша, соңғы мәліметке сай елімізде 1700 бала коронавирус жұқтырған.

Хабар 24 телеарнасы