423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ата-аналардың өтініші бойынша бастауыш оқушылары мектепке баруы мүмкін

  • 1183
  • UPD: 11:28, 14.07.2020
Ата-аналардың өтініші бойынша бастауыш оқушылары мектепке баруы мүмкін

Жаңа оқу жылының бірінші тоқсанында 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқытылады.

Дегенмен ата-аналардың өтінші бойынша бастауыш сынып оқушылары мектепке баруы мүмкін. Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ОКҚ брифингінде айтты.

«Егер ата-аналардың өтініштері болса, нақты бастауыш сыныптар бойынша уақытша сыныптарды дайындап, ашып беруге дайынбыз. Әрине, ондай сыныптарды ашқанда тиісті жағдай жасауымыз қажет. Сондықтан барлық санитарлық талаптарға сай жұмыстар жүргізілетін болады. Соның ішінде бала таңертең сабаққа келгенде оның дене қызуын өлшеу, оны зарарсыздандыру мәселесін, сыныптарды бірнеше ауысымға бөлу мәселесін қарастырамыз. Топтарда көп дегенде 10-15 бала болады. Біз үшін ең бастысы – балалардың қауіпсіздігі», - деді министр.

Хабар 24 телеарнасы