418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оқу гранттарына өтініш қабылдау 25 шілдеге дейін ұзартылды

  • 232
  • UPD: 11:49, 14.07.2020
Оқу гранттарына өтініш қабылдау 25 шілдеге дейін ұзартылды

ҰБТ сертификаттарымен оқу гранттарының конкурсына құжаттар қабылдау басталды.

«Қазіргі уақытта бакалавриат және доктарантура бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Бакалавриат бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталды. Енді сол ҰБТ сертификаттарымен күні кеше құжаттарды қабылдау басталды. Оны 25 шілдеге дейін создық. 25 шілдеге дейін құжаттарды тапсырып, оқу гранттарының конкурсына түсуге мүмкіндік бар», - деді ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ОКҚ брифингінде.

Айта кетсек, бұған дейін оқу гранттарының конкурсына құжат қабылдау 13-20 шілде аралығында өтетіні айтылған болатын.

Сондай-ақ биыл магистратураға тест тапсыру талаптарына айтарлықтай өзгерістер енгізілмегенін айтып өтті.

«Биыл тестілеу тамызда өтеді. IELTS  пен ағылшын тілін игеру бойынша талаптар сәл күшейтілді. Осы мәселені айтпағанда, жалпы үлкен өзгерістер жоқ», - деді министр.

Хабар 24 телеарнасы