418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР БҒМ: Балаларды қашықтан оқыту үшін 35 мың компьютер сатып алынды

  • 210
  • UPD: 14:03, 14.07.2020
ҚР БҒМ: Балаларды қашықтан оқыту үшін 35 мың компьютер сатып алынды

Келер оқу жылында балаларды қашықтан оқытуға дайындық барысында 35 мың компьютер сатып алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, жергілікті атқарушы органдар мектептерді қажетті техникамен жабдықтап, ғаламтор желісімен қамтамасыз етуі тиіс. Әсіресе, стримингке шығу мүмкіндігі бар платформалар жіті назарға алынады. Мұғалімдердің талабына сай, бұған дейін қолданылған барлық интернет алаңдар жаңартылды. Бірінші және екінші тоқсанда оқытылатын пәндер бойынша материалдар әзірленді. Балаларды қашықтан оқыту үшін ведомство 5 028 білім беру цифрлық ресурсын дайындап, желіге орналастырды. Ал ұстаздар өзінің ақпараттық қорын министрліктің білім беру платформасында сақтай алады. Ведомство басшысының айтуынша, былтырғы оқу жылында түсірілген оқыту телебағдарламалары жақсы нәтиже көрсеткендіктен, бұл тәжірибені жалғастыру көзделіп отыр. Ал мұғалімдердің цифрлық сауаттылығын арттыру үшін арнайы курстар жүргізіледі.

Асхат Аймағамбетов, ҚР білім және ғылым министрі:

– Біздің мұғалімдер еңбек демалысынан 20 шілдеден бастап жұмысқа шыға бастайды. Оларды оқыту үшін 5 модуль бойынша IT құзыреттілікті дамыту, киберпедагогика және әдіснаманы оқытуға бағытталған онлайн-курстарды әзірледік. Барлығы 350 мың ұстаз осы курстан өтетін болады.

Хабар 24 телеарнасы