429,54 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда 131 мың оқушы қашықтан оқиды

  • 387
  • UPD: 23:51, 14.07.2020
Атырауда 131 мың оқушы қашықтан оқиды

Атырауда 131 мың оқушы 1 қыркүйекте оқуын қашықтан бастайды, хабарлайды «Хабар 24».

Егер ата-аналар тарапынан өтініш болса, мектеп табалдырығын енді аттайтын бүлдіршіндерді дәстүрлі оқытуға жағдай жасауға болады. Бірақ пәннің барлығы дерлік мектепте оқытылмайды. Бірінші сыныптарға кейбір пәндер ғана онлайн форматта өтеді. Ал шалғайда орналасқан ауылдық мектептер штаттық режимде оқытыла бермек. Мәселен, ауылдық жерлерде әр сыныпта 10-15 бала оқитын мектептер бар көрінеді. Олар үшін сабақ қалыпты жағдайда өткізілмек. Облыста мұндай 26 білім ордасы бар. Оларда 1800-ден астам бала білім алады.

Орынтай Биманова, облыстық білім беру басқармасы әдістемелік орталығы директорының м. а.:

- Егер аудандарға бөліп көрсететін болсақ, Қызылқоға, Махамбет, Құрманғазы, Индер, Исатай ауданыда бар. Ең аз бала саны Жасқайрат деген елді мекенде бары 5 бала оқиды. Ал ең көп бала саны бар шағын жинақтық мектеп бұл – Индер ауданындағы Аққала мектебі. Мұнда 170 бала оқиды. Бұл балалардың өздері жаяу мектепке бара алады. Жаяу мектептен келе алады. Ұстаздар да дәл солай.

Хабар 24 телеарнасы