429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Солтүстік Қазақстан облысында жүзден астам мектепте жөндеу жүргізіліп жатыр

  • 273
  • UPD: 10:11, 27.07.2020

Солтүстік Қазақстан облысында жаңа оқу жылына дайындық қызу. Өңірде 100-ден астам мектепте жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Биыл 1 қыркүйекте, сәтін салса, ауылды жерлердегі 287 мектеп қалыпты режимде жұмыс істемек.

Бұл Баян ауылындағы орта мектеп. Аталған білім ошағы 1981 жылы пайдалануға берілген екен. Содан бері талай уақыт қырлап-сырлаудың арқасында тұрған. Биыл жол картасы аясында мұнда 58 миллион теңгеге жуық қаржы бөлініп, ғимараттың шатыры мен терезелері жаңасына алмастырылып жатыр. Мамыр айында басталған жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. 

Асқар Сұрағанов, Баян орта мектебінің директоры:

- Ремонт 80-85 процент маңайында. Осы тамыздың 15-не қарай түгелдей бітіруге тиісті ремонтты. Жаңадан екі кабинет алдық, бастауыш сыныптарға. Енді мына айта кетерім, балалар мектепке келгенде көп өзгеріс бар.  

Ауылдағы мектепте 93 оқушы бар. Мұнымен қоса шағын орталық та жұмыс істейді. Жергілікті кәсіпкерлердің бірі білім ұясына 2 миллион теңгеге жуық қаржылай қолдау көрсеткен.   

Эльдар Шүмеков, Жамбыл аудандық білім бөлімінің жетекшісі:

- Мемлекеттік жеке меншік әріптестік аясында кәсіпкер 2 миллион теңге қаржы бөлді.  Оған спорт залдың едені ауыстырылды. Барлық қабаттарға линолеум төселді. Мұнымен қоса көше жарығы орнатылды. Және де кіреберістегі холға, яғни 90 шаршы метр аумаққа плитка алынды. 

Өңірде қазір 478 мектеп бар. Эпиджағдайға байланысты оның жартысы қалыпты режимде жұмыс істейтін болады.

Владимир Ткаченко, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары

- 1 қыркүйек 287 мектепте оқу басталады деп жоспарлап отырмыз. Онда 14 мыңға жуық оқушы бар. Қалған білім ошақтары қашықтан жұмыс істейді. Қазір бірінші сыныпқа балаларды қабылдау жүргізіліп жатыр. Онлайн режимде әрине. Сәтін салса, 8 мыңнан астам бүлдіршін мектепке қабылданатын болады.  

Айта кеткен жөн, өңірде мектептерді жөндеуге биыл  5 миллиард теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі күні 12 білім ошағы жаңа оқу жылына дайын.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы