423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодардағы аграрлық колледж жөндеуден өтіп жатыр

  • 245
Павлодардағы аграрлық колледж жөндеуден өтіп жатыр

Ауыл шаруашылығы саласына мамандар даярлайтын Павлодардың жоғарғы инновациялық  аграрлық  колледжі күрделі  жөндеуден өтіп жатыр.  Бұл оқу орнының іргесі сонау 1967 жылы қаланған.

Содан бері ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізілмепті. Жарты ғасырдан астам  тарихы бар колледжге алғаш рет құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін  223 миллион теңге бөлініп отыр.  Бұл қаржыға оқу орны үшін маңызды үш нысан жаңартылады.   Ол - жатақхана, асхана және  30 жыл бойы жабық тұрған зертхана корпусы. Колледж басшылығы  зертхананы болашақта аграрлық сала  мамандарының білімін жетілдіретін орталыққа айналдыруды жоспарлап отырғанын атап өтті. Сонымен қатар   студенттер мұнда «Aгро-Skills» чемпионатына дайындалатын болады. Күрделі жөндеуден өткеннен кейін республикалық чемпионаттар өткізетін  алаңға айналуы да ғажап емес. Өйткені колледж қабырғасында бірнеше инновациялық жобалар жүзеге асып жатыр. Жаңа оқу жылына дайындық басталып кеткен.

Серік Жартыбаев, колледж директоры:

- Біз жаңа оқу жылына кез келген сценарий бойынша дайынбыз. Оқу орны қажетті мәліметтер базасымен және  білім беру платформаларымен қамтамасыз етілген. Бұл онлайн оқу түрі.  Сонымен қатар көз бе көз  оқытуға мүмкіндік беретін  оффлайн оқыту құралдарын алып жатырмыз.

 

Хабар 24 телеарнасы