426,73 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазығұрт ауданында тұрмысы төмен отбасылардың балаларына компьютер беріледі

  • 470
  • UPD: 21:31, 31.07.2020

Түркістан облысының Қазығұрт ауданында тұрмысы төмен отбасылардың балаларына компьютер беріледі. Мұндай көмекті 2 мыңға жуық оқушы алады. Ол үшін аудандық бюджеттен 76 млн теңге қаражат бөлінеді. Осылайша барлық білім алушыңың қашықтан оқуына жағдай жасалмақ. 

Жаңа оқу жылы жақындап келеді. Бірақ, оны биыл оқушылар онлайн режимде бастамақ. Алайда бұл мектептер жұмыссыз қалды деген сөз емес. Қазір мұғалімдердің басты міндеті – барлық балаларды техникалық жағынан қамтамасыз ету. Ауыл аймақтарда әсіресе, ғаламтор мәселесі қиын.

Асан Үйсенбаев, Қазығұрт аудандық білім бөлімінің жетекшісі:

- Шалғайдағы елді мекендерде интернет жеткілікті деңгейде жетпей жатыр. Бірақ «Қазақтелекомның» келісім-шарттары бар. Олармен байланыс жасап жатырмыз. Қазіргі таңда талшықты интернетті 17 елдімекенге кіргізді. Ал енді осы қыркүйекке дейін «Қазақтелекомның» берген уәдесіне қараған кезде қалған елдімекендердің бәріне жеткізіп береміз деген уәдесі бар. 

Қазығұрт ауданындағы 68 мектептің 18-і шалғай ауылдарда орналасқан. Міне осы елдімекендердің оқушылары биыл бұрынғыдай қалыпты жағдайда білім алады. Себебі оларда қашықтан оқуға мүмкіндік жоқ. Ауданда мектептердің ғимараттары да жөнделуде. Арасында жаңадан салынып жатқандары да бар.

Нұрсұлтан Медеуов, Қазығұрт аудандық сәулет және құрылыс бөлімінің жетекшісі:

- Қазығұрт ауданында жалпы 5 орта мектептің құрылыстары жүргізілуде. Биылғы тапсырылатын осы Ащыбұлақ елді мекеніндегі Ащыбұлақ орта мектебі. 150 орындық қосымша құрылыс болып саналады. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары толығымен ішкі жұмыстары бітті. Тек қана алдыңғы абаттандыру жұмыстары қалып отыр. 

Түркістан облысындағы мектептерде орын жетіспеушілі бұрыннан бар. 500 мыңға жуық бала бүгінде 900-ден астам білім ошағында оқиды. Олардың 12-сі үш ауысымдық әрі апатты жағдайдағы мектептер. Бұл мәселені шешу үшін аймақта алдағы 5 жылдың ішінде 158 білім нысанын тұрғызу жоспарланып отыр.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Рауль Ғабитов, Ерболат Әбішов

Хабар 24 телеарнасы