426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында мектептерде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр

  • 317
  • UPD: 21:32, 31.07.2020
Түркістан облысында мектептерде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр

Түркістан облысының Төлеби ауданындағы 6 мектепте құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның үшеуі жаңадан салынады.

Ал қалған үшеуі бұрынғы мектеп жанындағы қосымша ғимараттар. Биыл Көксәйектегі 100 орындық мектеп пайдалануға беріледі. Бұған дейін оқушылар бір қабатты ескі бастауыш мектепте оқып келген. Ал Леңгір қаласындағы орта мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. 238 миллион теңге қаржы жұмсалған бұл білім ордасындағы спортзалдың шатырынан су ағып, оқушылардың жаттығу сабақтарына қолайсыздық туғызған болатын. Енді бұл мәселелер артта қалды дейді мамандар.

Айта кетейік, биыл Төлеби ауданында 1-сыныпқа 3 мың 98 бүлдіршін барады. 

Бауыржан Омарбеков, Төлеби ауданының әкімі:

- Аудан бюджетінен біз Тыныбеков мектебінің қосымша құрылыстарын, облыстық бюджеттен №1, №5 мектептердің қосымша құрылыс жұмыстары атқарылып жатыр. Сонымен бірге үш мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүруде. Оның біреуі аудандық қаржыдан. Бір мектепте қайта құрылымдау жұмыстары жүруде. Ал екі мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылды. 

Рауан Артықов, мердігер мекеме басшысының орынбасары:

- Ш.Уәлиханов атындағы мектептің күрделі жөндеуін ашық конкурста ұтып алғанбыз. Сырты, шатыры ауысты терезелері де. Тек қабырғасы қалды. Жобаға сәйкес жұмыс атқарылды. Спорт залдың да үсті ауысты терезесі де. Дуалы қалды ғой мұның да. Сырты істелінді. Абаттандыру жұмыстарын жасадық алдына. Ішін әрлеу жұмыстары толығымен бітті. Кеше мына жерін асфальттап, жалпы жаңа оқу жылына дайын.

Хабар 24 телеарнасы