423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО өңірлерінің мектептеріне 3500 компьютер сатып алынды

  • 229
  • UPD: 23:32, 04.08.2020
БҚО өңірлерінің мектептеріне 3500 компьютер сатып алынды

Кезекші сыныптар Батыс Қазақстан облысында да ашылады, хабарлайды «Хабар 24».

Қазір аймақтың мектептеріне 3,5 мыңдай компьютер сатып алынды. Олар жаңа оқу жылында қашықтан оқитын аз қамтылған отбасылардың балаларына беріледі. Жақын арада тағы 15 мың компьютер сатып алынады. Оған қажет қаражат республика бюджетінен бөлінді. Қазір осы онлайн оқытуды ұйымдастыру үшін барлық мектептерді интернет-платформаға қосу жұмысы жүріп жатыр. 

Айгүл Мыңбаева, облыстық білім басқармасының басшысы:

- Қашықтан оқытуды тиімді ұйымдастыру үшін ата-аналардан міндетті түрде қолдау керек болады. Баланың сабақ оқитын орнын дайындау, қажетті техникалық құралдармен, интернет байланысымен қамтамасыз ету, біздің тараптан да болады, ата-аналардың тарапынан да қолдау керек деп ойлаймыз. Күнделікті режимді қадағалау керек, себебі қашықтан байланыс болғандықтан, оның кестелері әр түрлі болады.

Хабар 24 телеарнасы