429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оқушыларды ыстық тамақпен қамту тәртібі өзгерді

  • 541
  • UPD: 17:22, 05.08.2020
Оқушыларды ыстық тамақпен қамту тәртібі өзгерді

Бұл туралы білім және ғылым министрлігі мәлімдеді. Мектептерге тамақ жеткізетін кәсіпкерлер арасындағы конкурс мемлекеттік сатып алудың бірыңғай порталында электронды форматта өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Білім беру мекемелерінің асханасында қолма-қол төлем жүргізілмейді. Оқушыларға онлайн төлем жасауға мүмкіндік жасалады. Әрбір асханада бейнебақылау жүйесі орнатылады. Яғни, ата-аналар тамақты дайындау процесін көре алады. Ал, «Күнделік» электронды ресурсында ас мәзірі мен дайын тағамның суреті жарияланады.

Хабар 24 телеарнасы