426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодардағы NIS оқушысы халықаралық олимпиадада жүлдегер атанды

  • 181
  • UPD: 22:05, 05.08.2020
Павлодардағы NIS оқушысы халықаралық олимпиадада жүлдегер атанды

Павлодардағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы химия пәнінен өткен 52-ші халықаралық олимпиадада ел намысын қорғап, қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

12-ші сынып оқушысы Хайдар Қайырбек әлем елдерінен келген 200 баланың арасынан алға суырылып шықты. Айта кетейік, бұл сынға Қазақстан атынан төрт оқушы қатысты. Олардың барлығы Менделеев олимпиадасының рейтингінде жоғары көрсеткіштерге ие. Хайдар Қайырбек халықаралық білім жарыстарына сегізінші сыныптан бері қатысып келеді. Биология, математика және химия ғылымдарына әуес.

Хайдар Қайырбек, халықаралық олимпиадалардың жүлдегері:

– Бірінші тур қиын болды. Екінші турда тапсырманы өзім таңдағандықтан, оларды дұрыс шешетініме күмәнім болмады. Тапсырмаларды орындауға бес сағат уақыт кетті. Халықаралық олимпиадада уақытқа тәуелді болдым, себебі, оны дұрыс реттеу қажет етілді. Бірақ бар күшімді салдым. Ел намысын абыроймен қорғадым деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы