425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында ата-аналар үшін «Отбасы сағаты» жобасы іске қосылады

  • 297
  • UPD: 07:53, 07.08.2020
Қарағанды облысында ата-аналар үшін «Отбасы сағаты» жобасы іске қосылады

Қарағанды облысындағы  мектеп оқушыларының ата-аналары үшін «Отбасы сағаты» жобасы жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда білім берудегі өзекті мәселелер мен туындаған сауалдар онлайн режимде психологтар мен педагогтарға, қажет болған жағдайда білім басқармасының өкілдеріне тікелей жолданады. Виртуалды диалог алаңында кез келген тақырып қозғалып, ойлар мен ұсыныстар сарапқа салынады. Мысалы, алғашқы жиынға облыс бойынша 5 мың адам қатысып, каникул кезіндегі балалардың қауіпсіздігі, қашықтан оқыту, коронавирустық инфекциядан сақтану сынды мәселелер төңірегінде ой қозғап, пікір алмасты. Көкейдегі сұрақтарын қойып, оған тиісті жауап алды.

Гүлмира Қабдиева, білім бөлімі басшысының орынбасары:

– Жаңа оқу жылы болса жақындап қалды. Ал ата-аналар балаларының биыл қалай оқитынын және қандай әдістемелік көмек бере алатындығына алаңдайды. Жалпы, қашықтан оқыту өте үлкен адами ресурстарды қамтиды. Бұл бағытта ең алдымен баланың аталмыш процеске  жеңіл үйренуі үшін психологиялық көмек көрсету керек.

 

Хабар 24 телеарнасы