426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда биыл алғашқы қоңырау онлайн режимде өтпек

  • 255
  • UPD: 12:41, 11.08.2020
Павлодарда биыл алғашқы қоңырау онлайн режимде өтпек

Ертіс өңірінде мектеп оқушылары үшін алғашқы қоңырау онлайн режимде өтеді. Тек шалғай ауылдардағы 183 мектеп оқу үрдісін дәстүрлі жағдайда ұйымдастырады.

Облыс аумағында 366 мектеп бар. Оқушылардың саны 111 мыңнан асады. Биыл бірінші сыныпқа он екі  мыңдай бүлдіршін барады. Бүгінгі таңда облыс мектептерінің 70 проценті медициналық қорғаныс заттармен қамтамасыз етілген. Бұл мақсатқа 90 миллион теңге бөлініп отыр. Оқушыларды тасуға 30 автобус алу жоспарланған. Биылдан бастап, аймақта «Заманауи мектеп» жобасы жүзеге асады.

Билік өкілдерінің айтуынша, бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтуға бағытталған қаржы, компьютерлік техника алуға жұмсалады дейді жергілікті билік өкілдері.

Әбілқайыр Сқақов, облыс әкімі:

- Тек ауылдардағы, бізге осы стандарттарға сай емес мектептерде ғана оқу жылы дәстүрлі түрде басталады. Басқа мектептер, әсіресе қаланың ішінде олар осы қашықтықтан форматында ұйымдастырылады. Сондықтан осы жоспарланған қаражат балаларды тамақпен қамтамасыз ету ол экономия режимінде басқа бағыттарға көзделеді немесе осы жоспарланған қаражат осы компьтерлерді сатып алу балалар мен мұғалімдерді қамтамасыз етуге жіберіледі.

Хабар 24 телеарнасы