428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында 15 жаңа мектеп салынып жатыр

  • 126
  • UPD: 14:30, 12.08.2020
Жамбыл облысында 15 жаңа мектеп салынып жатыр фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Биыл Жамбыл облысындағы 22 білім беру мекемесінің құрылысына 10,1 млрд теңге бөлінді.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев айтты.

Олардың қатарында 15 мектеп, алты қосымша құрылыс және бір оқушылар сарайы бар. Бүгінде бір мектептің құрылысы аяқталды. Бұл ретте ағымдағы жылдың соңына дейін 14 нысанды, оның ішінде 8 жаңа жалпы білім беретін мектепті пайдалануға беру жоспарлануда.

Осылайша, үш апатты, бір үш ауысымды, орын тапшылығы бар үш мектеп және екі ескі мектеп мәселелері шешілмек. Қалған екі апатты, сегіз үш ауысымды және орын тапшылығы бар бес мектептің мәселелері 2021-2022 жылдары кезең-кезеңімен шешілетін болады.

Атап айтсақ, Тараз қаласында 1278 орындық төрт жаңа мектептің құрылысы басталған. Жұмыстың жалпы құны 2,8 млрд теңгені құрайды.

Сондай-ақ «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Ауыл – ел бесілігі» бағдарламалары мен жергілікті бюджет аясында 42 мектептің күрделі жөндеу, 53 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатқа 8 миллиардтан астам теңге қарастырылған.

Сонымен қатар Таразда бюджеттен тыс қаражат есебінен жалпы құны 2,2 миллиард теңге болатын Оқушылар сарайының құрылысы жүргізілуде.

 

Хабар 24 телеарнасы