426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-ның ауылды жерлеріндегі 318 мектепте оқу штаттық режимде өтеді

  • 275
  • UPD: 15:48, 12.08.2020
СҚО-ның ауылды жерлеріндегі 318 мектепте оқу штаттық режимде өтеді

Солтүстік Қазақстан облысының ауылды жерлеріндегі 318 шағын жинақы мектеп жаңа оқу жылында штаттық режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды «Хабар».

Ол үшін білім беру мекемелерінде санитарлық шаралар күшейтіледі. Қазір бұл оқу ошақтарына тепловизор, санитайзер мен дизенфекциялық құралдар қажетті мөлшерде сатып алынып жатыр. Эпидахуалға байланысты асханалар уақытша жұмыс істемейді. Жалпы биыл өңірде 107 мектеп күрделі жөндеуден өтеді. Үш мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның екеуі биыл пайдалануға беріледі. Ал, бірінші сыныпқа 9 мыңға жуық бүлдіршін қабылданады. Ата-аналарға қолдау көрсету мақсатында, 20 тамыздан бастап аудандар мен облыс орталығында арнайы Call-орталықтар жұмысын бастайды.

Құмар Ақсақалов, облыс әкімі:

- Қашықтан оқытатын мектептердегі бастауыш сыныптарда ата-аналардың өтініші бойынша 2 мың кезекші топ ашылады. Бір сыныпта 15 бала ғана оқиды. Барлық балаларды тегін оқулықтармен қамтамасыз етеміз. Тиісті қаржы бөлінді. Қашықтан оқу үшін мұғалімдер мен оқушыларға техника қажет. Жалпы алғанда, балаларға сатып алынған 15 мыңға жуық компьютер таратылады. Сондай-ақ 373 мұғалімге компьютерлер уақытша пайдалануға беріледі.

Хабар 24 телеарнасы