426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда «Jas Otan» Жастар қанаты мектеп түлектеріне білім грантын тапсырды

  • 186
  • UPD: 20:40, 12.08.2020
Алматыда «Jas Otan» Жастар қанаты мектеп түлектеріне білім грантын тапсырды

Халықаралық жастар күніне орай және «Волонтер жылы» аясында Алматы қалалық «Jas Otan» Жастар қанаты мектеп түлектеріне білім грантын тапсырды. Енді бұл жастар қаладағы жоғарғы оқу орындары мен колледждерде тегін білім алады.

Грант иелері көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасында дүниеге келген балалар. Олардың арасында Арыстағы жарылыс пен Мақтааралды су басу кезінде тұрғындарға көмектескен белсенді жастар бар. Коронавирусқа байланысты Төтенше жағдай кезінде халыққа көмектескендер де елеусіз қалған жоқ.

Мәди Ахметов, «Jas Otan» жастар қанаты АҚФ төрағасы: 

- Қаламыздағы университеттердің ректорлары бірден ұсынысымызды қабыл алып, әр университет бір-бір гранттан бөліп жастарға үлкен мүмкіндік, жолдама беріп отыр. Енді ары қарай оқуды жалғастырып кету, ары қарай алып кету бұл әр грант иегерінің тікелей өзіне байланысты.

Хабар 24 телеарнасы