423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте жаңа оқу жылына дайындық пысықталды

  • 243
Шымкентте жаңа оқу жылына дайындық пысықталды

Шымкентте 77 мыңнан астам оқушы компьютерге мұқтаж. Интернетке қатысты түйткілдер бар. Биылғы оқу жылында сабақ қашықтан оқытылатыны белгілі.

Сондықтан үйінде отырып білім алатын әлеуметтік көмекке зәру отбасылардың балаларына мектептердегі компьютерлер уақытша пайдалануға беріледі. Шаһарда 996 кезекші сынып ашылады. Онда бастауыш сыныптың 14940 оқушысы білім алады. Олар санитарлық талапты қатаң сақтап, маска тағуы тиіс. Мектеп ішінде де барлық қауіпісіздік шаралары қолға алынады. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді. Жоғары класс оқушылары қашықтан оқиды.  Сол себепті барлық білім ұялары интернет желісіне қосылған. Қазір қала сыртындағы елді мекендерде және білім ұйымдарында интернеттің қолжетімділігін қамтамасыз етуге күш салынып жатыр. Мұнда жаңа оқу жылында  222 мыңнан астам бала  білім алады. Оның ішінде 24 мың 169-ы 1-сыныпқа барады.

Мұрат Әйтенов, қала әкімі:

- Бастауыш сыныптарды кезекшілік сынып қылып оқытуды бастайын деп жатырмыз. Қазір әр ата-ана бізге өтініш беріп жатыр. Біз қазір саны 15 баладан аспайтын сынып құрып жатырмыз. Сол сыныптарда санитарлық тәртіпті сақтау жұмыстарын бекітіп, балалар бетперде киіп, жалпы санитарлық-дизенфекциялық шараларға бәрі дайын. Үлкен сыныптарды қашықтықпен оқытуды жобалап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы