425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл елордалық 17 мың оқушы әлеуметтік көмек алады

  • 326
  • UPD: 14:08, 17.08.2020
Биыл елордалық 17 мың оқушы әлеуметтік көмек алады

«Жалпыға міндетті білім беру» қорынан әр балаға 40 мың теңгеден бөлінеді. Былтыр 12 мыңнан астам оқушыға 30 мың теңгеден берілген еді.

Оқу құралдары мен киім алуға арналған қаржы оқушының көлік картасына түседі. Картамен сауда жасауға болады. Бұл туралы  Нұр-Сұлтан қалалық білім беру басқармасы хабарлады.

Картадағы ақшаның қайда жұмсалғаны жеке кабинетте қадағаланады. Ата-аналар «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы бекіткен 16 компания мен 27 сауда орнында ғана сауда жасайды. Қазір балалар туралы ақпарат автоматты жүйеге енгізіліп жатыр. Бұл акция 31 қазанға дейін жалғасады. Бірінші кезекте жетімдер мен көп балалы отбасының балалары көмек алады. Мұндай санаттағы балалар қашықтан оқуға қажетті компьютермен де қамтамасыз етіледі.

Хабар 24 телеарнасы