420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҰБТ-дан өте алмаған түлектер жұмысшы мамандықты тегін оқитын болады

  • 143
  • UPD: 18:20, 18.08.2020

ҰБТ-дан өтпей қалған түлектер жұмысшы мамандықтарына тегін оқи алады. Оларға «Еңбек» бағдарламасымен кәсіптік-техникалық колледждерге жолдама беріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты. Жалпы биыл барлық мемлекеттік бағдарламалар бойынша 1 млн 220 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған.

Үкімет басшысы айтқандай, қазіргі кездегі ең басты міндет – жұмыспен қамту. Карантин кезінде табысынан айырылғандар аз емес. Соңғы бірнеше айда жұмыс іздегендер саны 8 есеге өскен. Жұмыспен қамту орталықтарына айына 60 мың адам жұмыс сұрап келеді. Енді не істеліп жатыр десек. Түрлі бағдарламалар бойынша 1 млн астам адамды еңбекке тарту жоспарланса, қазір жартысынан көбі жұмысқа тұрыпты. Әлеуметтік нысандар салу мен  жөндеу жұмыстарына да осы жұмыссыздар алынып жатыр. Дегенмен, шағын кәсіпкерлікті дамыту маңызды болып тұр. Өз кәсібін ашқандар нәпақасын табар еді.

Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Оның ішінде «Еңбек» бағдарламасына 379 мың адам қатысуға ниет білдірді. Оларға кәсіпкерлікпен айналысуға 5800 жеңілдетілген несие, 17200 қайтарымсыз грант берілді. Оның сөзіне қарағанда, қысқа мерзімді оқытумен, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға барлығы 34,5 мың адам қатысуда. Қыркүйек айында қосымша 20 мыңнан астам ҰБТ-дан өтпей қалған мектеп түлектері жұмысшы мамандықтар бойынша тегін техникалық-кәсіптік оқуға жіберілетін болатын.

Мемлекет 17 мыңнан астам қайтарымсыз грант берсе, оның жартысы тұрмысы төмен отбасындағы жұмыссыздарға берілген. Үкімет басшысы Асқар Мамин жұмыспен қамту шараларын нәтижелі жүргізіп отырған өңірлерді атады. Шымкент қаласы, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстары бар. Батыс Қазақстан облысында бұл жұмыс көңіл көншітпейді. Жалпы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» жобасы бойынша 6 мың 400 жоба іске асып жатыр. Онда 154 мың адам жұмыс істеуде. Бұл бағдарлама аясында 683 әлеуметтік нысан салынады. Оның ішінде 80 білім беру мекемесі, дансаулық, мәдениет пен спортсаласында 60 құрылыс жобасы іске асады.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі:

- Мемлекет басшысының тапсырмасымен Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында тұрақты жұмыс орындарын құруға және өңірлердің әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуға баса назар аударылып, инфрақұрылымдық жобалардың тізбесі белгіленді. Осы жобалар аяқталған соң аралас салаларда қосымша 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылады. Жыл соңына дейін төрт ай ғана қалды. Әкімдіктер бағдарламаларды іске асыру жұмыстарын жандандыруы қажет. Қазіргі жағдайда бірінші кезектегі міндет – бұл азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету.

Соңғы уақытта электронды еңбек биржасы на қатысушылар көбейген. Жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарының саны да 8 есе көбейіпті. Жеті айда 333 мың адам осы жүйе арқылы жұмыс тапқан. 57 проценті тұрақты жұмысқа орналасқан. 50 мыңнан астам жұмыссыз мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан арнайы төлем алып отыр. 7 айда 5 млрд теңгеден артық қаржы төленген.

Хабар 24 телеарнасы