426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда мұғалімдер қашықтан оқытудың жаңа әдістемесін меңгерді

  • 313
  • UPD: 21:32, 18.08.2020
Қарағандыда мұғалімдер қашықтан оқытудың жаңа әдістемесін меңгерді

Жаңа оқу жылының қарсаңында ауыл мұғалімдері қашықтықтан оқытудың қыр-сырын үйренді. Қарағандылық тәжірибелі ұстаз Бану Түсіпханова әріптестеріне дәріс оқып, өз әдістемесімен бөлісті.

Ең бастысы, үйде отырған оқушыларды жалықтырып алмай, түрлі бейнебаян арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Бұған қоса ютубта жеке канал ашып, оған бейнесабақтарды жүктеу жолдары көрсетілді. «Ауыл» партиясы ұйымдастырған онлайн семинарға еліміздің барлық өңірінен 100-ге жуық адам қатысты. 

Бану Түсіпханова, Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназияның оқытушысы: 

- Әртүрлі әдістерді қолдандық қашықтықтан оқыту барысында, балаларды жалықтырмай, шамалы өзіміздің өлшеуіштеріміз бар беретін, сол арқылы балаларды қызықтырып оқыттық. Соны бүгін ұсынып көрсетеміз. Қызықты бейнероликтер ұсыну, «білімлендті» қалай пайдалану керек, қашықтықтан видео жасауды үйретеміз және ютуб каналын қалай ашу керек екенін көрсетеміз. Сонымен қатар кайн-мастер арқылы видеоға қалай түсіруге болатынын, жолдарын көрсетеміз.

Хабар 24 телеарнасы