424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде педагогикалық білім беру бойынша республикалық кеңес өтті

  • 195
  • UPD: 18:55, 19.08.2020
Елімізде педагогикалық білім беру бойынша республикалық кеңес өтті

Бүгін елімізде педагогикалық білім беру бойынша республикалық кеңес өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда жаңа оқу жылына дайындық шаралары пысықталды. Атап айтсақ, карантин жағдайына байланысты онлайн білім беру жүйесіне дағдылану жайы сөз болды. Мәселен, елордадағы №53 мектеп-лицейде 3 мыңға жуық оқушы оқиды. Оның шамамен 10%-і, яғни, бастауыш сынып оқушылары ата-анасының рұқсатымен оффлайн оқу форматына ауыстырылды. Әр кезекші топтың құрамы 15 баладан аспайды. Санитарлық талаптар мен арақашықтық сақталады. Ал, 5-11 сынып аралығындағы оқушылар «Джи-Суит» сияқты тегін платформалар арқылы қашықтан оқытылады. Қазіргі таңда күн тәртібінде оқушыларды дербес цифрлық құрылғылармен қамтамасыз ету мәселесі тұр.

Шәкәрім Сейсенбай, №53 мектеп-лицейдің директоры:

- Кейбір отбасыларда компьютер мәселесі туындап жатыр. Дәлірек айтатын болсақ, сауалнама нәтижесінде 210 отбасы айқындалды. Ол отбасыларға осы аптаның басынан бастап компьютер мен роутерді таратуды бастадық. Роутерлер енді келеді. Ал қазір мектеп компьютерларын уақытша қолданысқа беріп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы