429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ертіс өңірінде «Мектепке жол» республикалық акциясы жалғасын тапты

  • 241
  • UPD: 19:03, 19.08.2020
Ертіс өңірінде «Мектепке жол» республикалық акциясы жалғасын тапты

Бүгінгі күнге дейін оқушыларға 1 млн теңгенің көмегі көрсетілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы жолы ұлттық волонтерлер орталығының мүшелері демеушілердің қаражатына өңірдегі ауыл-аймақ балаларына кеңсе заттары, киім-кешек пен өзге де қажет заттарын жеткізіп берді. Әзірге көмек Жетекші, Кенжекөл және Павлодарская елді мекендерінің аз қамтылған отбасыларына көрсетілді. Сондай-ақ акция аясында ауыл мектептеріне термометр мен санитайзерлер сатып алынды. Жалпы облыс орталығындағы мектептердің төрт мыңнан астам оқушысы қолдауға зәру. Қазір олардың үш мыңнан астамы мектепке дайын. Қалғанына тамыз айының соңына дейін көмек көрсетіледі деп жоспарланған.

Сағындық Шәкенов, қалалық білім беру бөлімінің бас маманы:

- Демеушілер тарапынан 1 млн теңге бөлінді. Бұл – бюджеттен тыс қаржы. Біз көп балалы отбасылардың балаларын мектеп керек-жарақтарымен қамтыдық. Олардың басым бөлігіне кеңсе заттары керек болып шықты. Қайырымдылық акциясы жалғасын табуда. Алдағы уақытта білім беру бөліміне түскен өтініштер бойынша жұмыс атқарылады.

Хабар 24 телеарнасы