420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да 30 мыңға жуық оқушы кезекші сыныптарда білім алады

  • 133
  • UPD: 09:25, 21.08.2020
БҚО-да 30 мыңға жуық оқушы кезекші сыныптарда білім алады

Батыс Қазақстан облысында 30 мыңға жуық бастауыш сынып оқушысы кезекші сыныптарда білім алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда оқитын оқушыларға мектеп формасын кию міндеттелмейді және оларға бұрынғыдай ыстық тамақ берілмейді. Ал, 80 мың бала оқу бағдарламасын қашықтан меңгереді. Сондай-ақ 30 мыңға жуық аз қамтылған отбасына компьютер берілмек. Қазір өңірдегі білім ошақтарында «Онлайн мектеп» платформасы бойынша практикалық оқыту курстары жалғасып жатыр. Сонымен қатар осы оқу жылда білім деңгейін бағалаудың жаңа жүйесі қолданылмақ.

Аягөз Хамзина, С.Сейфуллин атындағы №11 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп директоры:

- Бұнда баллмен бағалау жүргізіледі. Оның 1-ден 3-ке дейінгісі төменгі деңгей деп есептелінеді, 4-7 балл орта деңгейдегі балл болып есептелінеді, 8-9-10 балл жанағандар жоғарғы деңгей болады. Әрбір баланың жауабы, әрбір сабаққа қатысы, әрбір тапсырманы орындауы, сабақ үстіндегі барлық барлық материалды меңгеруіндегі барлығы критериймен қойылған.

Зәуре Ғұмарова, облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары:

- Үнемделген қаржыға 1400 ден астам компьютер сатып алынса, қазіргі таңда аудандық, қалалық білім беру бөлімдермен 1900-дан астам компьютер сатып алынады. Оның сартында республикалық бюджеттен облыс мектептеріне 15 мыңға жуық компьютер сатып алуға ақша бөлінді, сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы