424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бүгін еліміз бойынша жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өтеді

  • 156
  • UPD: 13:20, 21.08.2020
Бүгін еліміз бойынша жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өтеді

Биылғы оқу жылын оқушылар қашықтан бастайды. Олар онлайн-платформалар арқылы білім алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда, ата-аналардың өтінішіне сай кезекші сыныптар да ашылады. Онда отыратын балалар саны 15-тен аспауы тиіс. Дене қызуы барлар мектепке кіргізілмейді. Оларды кіреберісте мұғалімдер тексереді. Сабақ ұзақтығы бұрынғысынша 40 минут, тек үзіліс уақыты бір мезгілде емес. Әр сыныпқа әртүрлі уақытта. Оқушылар кабинет арасында жүрмеуі тиіс. Асханалар жұмыс істемейді және мектеп формасы ата-аналардың қалауы бойынша таңдалады. Сондай-ақ бір оқушы коронавирусқа шалдықса, парталастары да карантинге жатқызылады. Сыныптарда санитарлық тазалық әр екі сабақ сайын жүргізіледі.

Айта кетейік, бүгін еліміз бойынша жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өтеді. Онда мұғалімдер қашықтан білім алу жайын түсіндіріп, онлайн-платформалар мен бағалау тәсілін таныстырады.

Хабар 24 телеарнасы